spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.7 C
Kokshetau

Сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты есеп дайындады

Сондай-ақ...оқыңыз
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында түрлі саланы қамтитын сарапшылар бас қосып, еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесін жан-жақты талқылады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, табиғи уақытқа жақын тұрақты уақыт белдеулерін пайдалану адамның денсаулығы, экономика және қауіпсіздік үшін маңызды.

Қоғам белсенділері, депутаттар, азаматтар осы тақырыпты уақыт ара көтеріп келді. Мәселені кешенді пысықтау үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды.

«Оның құрамына Фесенков атындағы астрофизикалық институт, Генетика және физиология институты, География және су қауіпсіздігі институты, Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депуттары және барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кірді», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Жұмыс тобының мамандары ғылыми дәлелдерге негізделген есеп дайындап, бекітті.

Айта кетерлігі, қазір Қазақстанда екі уақыт белдеуі бар. Ол – UTC+5  және UTC+6.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img