spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
26.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданының мектеп директорлары сөз сайысының жеңімпаздары атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атырауда 6-7 желтоқсанда өткен білім беру ұйымдары басшыларына арналған IІІ Республикалық «Director`s CUP» дебат турнирі өз мәресіне жетті.

Төрешілердің шешімі бойынша Ақмола облысы мен біздің ауданымыздың намысын қорғаған Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің директоры Дамир Шоқанұлы Сураганов және Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясының директоры Мейрамбек Құдайбергенұлы Рахымжанов құраған Бурабай ауданының командасы еліміздің мұнай астанасында жүлделі I орынға ие болды. Дамир Шоқанұлы «Үздік спикер» номинациясының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, турнирге биыл республика бойынша 52 мектеп басшыларынан құралған 21 команда қатысты.

Турнирдің мақсаты – мектеп басшыларының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін дамыту, өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту арқылы олардың азаматтық көзқарастарын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп жаңарды

Зеренді ауданындағы Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңарған білім ордасы енді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика