spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
7.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында инклюзивті білім беруді қолдаудың 41 Ресурстық кабинеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту жөніндегі жоспар-кестесінің негізінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда Державинск қаласының Ақпан Ұкібаев атындағы мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитов, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары М. Жекебатырова, білім бөлімінің басшысы Г. Нұрпейісова, бөлім әдіскерлері, мектеп педагогтары, ҚР ПИО мамандары, ата-аналар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар қатысты; ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы М.Ибраев құттықтады.
«Ресурстық кабинет-бұл мектептегі қосымша үй-жай, онда оқушылар негізгі оқу үдерісінен шықпай-ақ өздерінің ерекше жалпы білім беру қажеттіліктеріне сәйкес көмек алады. Оның жұмыс істеуі жеке бағдарламалар негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бейімдеу, оқыту және бұзушылықтарды түзету үшін арнайы жағдайлар жасауды көздейді. Заманауи және жабдықталған инклюзия кабинеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге ықпал етеді», – дейді мамандар.
Айта кетейік, облыста 1000-нан астам балаға түзету-дамыту көмегін беретін осындай 41 кабинет жұмыс істейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img