spot_img
Жексенбі, Қазан 13, 2024
-7.8 C
Kokshetau

«Қазақ елінің байлығы – ана тілі» , – Сәндібек Нұршәріп

Сондай-ақ...оқыңыз

Тіл саясатын іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы Зеренді ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сәндібек Нұршәріп толығырақ баяндады.

     – Тіл саясатын іске асыруға бағытталған 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында қазақ тiлiн этносаралық қатынас тiлi ретiнде қалыптастыру мақсатында Орталықта қазақ тiлiн және ағылшын тілі оқыту курстары тегiн жүргiзiліп келеді. Ағымдағы  оқу жылында барлығы 122 тыңдаушы дәріс алуда, оның ішінде 34 тыңдаушы өзге ұлт өкілдері. Оған қоса, 22 тыңдаушы мемлекеттік қызметшілер және 13 тыңдаушы ағылшын тілі курсының тыңдаушылары. Бүгінгі күнде барлығы 12 топ тілдерді оқып жатыр, оларға аптасына 2 рет сабақ өткізіледі, – деп хабарлады Сәндібек Нұршәріп.

Спикердің айтуынша, орталықтың мақсаты –мелекеттік тілді дамыту мен қолдану бағдарламасын іске  асыру болып табылады. Қызметшілерге және жалпы ауданның  ересек тұрғындарына мемлекеттік тілді және «үштұғырлы тіл» жобасы аясында ағылшын тілін үйретуді жүзеге асыру мәртебесі бар. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Орталық ашылғалы бері көптеген жұмыстар атқарылуда.

     – Білім және Ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» енгізген стандарттына сәйкес, Тіл үйренушілердің білімі «КазТест» жүйесі бойынша бағаланып, деңгейіне сай сертификаттар табысталады.  Сонымен қатар , «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тоқсан сайын ауданымыздың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері,  мекеме басшылары тестілеуден өтіп, олардың мемлекеттік тілді  меңгеру деңгейі бағаланып отырады. Мемлекеттiк тiлдi өздiгінен үйренгісі келетiндер үшiн АКТ қолдану мақсатында курстарды онлайн режимiнде  өткіземіз және  IT жобаларды қолданамыз, – дейді мекеме басшысы.

Атап айтсақ, «Тіл-құрал.kz», «Tilmedia.kz» және «Емле.kz сиақты сайттар мобильді қосымшаларда қолжетімді . Бұл сайттарды әлеуметтік желілерде барынша кеңінен насихатталуда. Оған қоса, өзге ұлт өкілдеріне арналған «KazOnline» айдары Орталықтың  инстаграм және фейсбук парақшаларында тұрақты жарияланды.  Сонымен қатар, мемлекеттік  тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында қазақ тілінің емлесіне сай,   #ЕСТЕ_CАҚТАЙЫҚ  посты  жарияланып тұрады. Өзге ұлт өкілдерінің, мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру мақсатында , студентер мен тыңдаушылар арасында аудандық байқаулар ,облыстық және аудандық көлемдегі челлендждер өткізіледі.

      – Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының орынбасарымен бекітілген жоспарға сәйкес ауданымыздың нотариустарына, қызмет көрсету орындары,яғни асхана,дәмхана,мейрамханаларға мемлекеттік тілді қолдау және ұсыну мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетеміз. Тіл үйренуде заманға сай жаңа смарт технологияларды қолдану –біздің жаңа мақсатымыз , – деді Нұршәріпұлы.

Оның мәліметінше, электрондық нұсқада да қол жетімді QR-кодталған плакаттар сауда үйлерінің ғимараттарында орналастырылды.  QR-кодты сканерлеу арқылы бейнесабақтарды көре алады, мемелекеттік тілдің қолдау аясын кеңейтеді. Жалпы 2023 жылда мекеме мен кәсіорындарға әдістемелік көмек ретінде  50-ге жуық дана оқу құралдары тегін таратылды.Орталық оқытушыларының біліктіліктерін арттыру мақсатында жыл сайын Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының Оқу- әдістемелік орталығы өңірлік семинар-практикумдар ұйымдастырып отырады.

Зеренді ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы алдағы уақытта біршама жоспарлаған іс-шаралар бар екенін хабарлады. Мысалы, іскери қазақ тілі бойынша,  мекемелердегі іс жүргізу мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында  «Мемлекеттік тілде ісқағаздар жүргізу» арнаулы курсын, «Көпшіліктің алдында сөз сөйлеу құпиялары» семинар-тренингтерін, «Мемлекеттік тіл – менің мақтанышым» тіл үйренушілер арасындағы тіл байқауы өткізілетінін айтты. Және де өзге ұлт өкілдері арасында «Бала би» байқауы сынды көптеген іс-шаралар өкізіледі.

     – Қазақ елінің байлығы ана тілі, өскелең жастардың болашаққа деген мақсаттары биік, ана тіліне деген құрмет шыңдалып келеді, Зеренді ауданында тілді оқыту орталығы 2011 жылы ашылды, көптеген оқушылардың білімі шыңдалды, оның ішінде аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, медицина саласының мамандары. Өзге ұлт өкілдерінен отыз жеті адам, олардың ішінде қазақ тілін толық меңгергендер бар, оған дәлел ретінде тестілеу өткізілді, соның нәтижесінде олар жақсы көрсеткіштерге ие болды, сертификаттар табысталды. Зерендіде қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге этнос өкілдері аз емес, олар : орыс, татар, өзбек, басқа да этностар. Жақын уақытта Көкшетауда мемлекеттік тілден облыстық байқау болады, оған біздің ауданнан Казпошта өкілі қатысып, бақ сынайды, одан біз үлкен жетістік күтіп отырмыз, – деп қорытындылады Сәндібек Нұршәріп.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img