spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
5.2 C
Kokshetau

Жыл сайынғы «AQMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалар байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы жастардың шығармашылық, білім беру және әлеуметтік бастамаларын дамыту және қолдау, жас адам тұлғасын дамыту, жастардың жобалық-зерттеу және ғылыми жұмысқа қатысуын ынталандыру мақсатында өзінің жыл сайынғы жастар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында «AQMOLA POWER-2023» инновациялық идеялар мен жобалардың аймақтық байқауын өткізді.

I кезең – байқау материалдарын қабылдау және жүйелеу. II кезең – ең жақсы жобаларды іріктеу. III кезең – 2-кезеңнен өткен жобалардың презентациясы, қорытындысы анықталды.

Байқауға жастар, мектеп оқушылары сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, жоғары оқу орындарының студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жас оқытушылар, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ, байқауға 5 адамнан аспайтын идея авторларының топтары қатыса алды.

Аталған 2 кезеңнің қорытындысы бойынша 76 қатысушыдан 29-ы ақтық кезеңге өтті.

«Атап өтсек, аталмыш шараны жыл сайын ұйымдастырып отырамыз. Жастар арасында түрлі бағытты қамтитын жобалар еліміздің дамуына әсерін тигізеріне кәміл сенемін. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданды. Әрбір қатысушы өз жобалары мен идеяларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Әрқайсысыларына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Ал жеңімпаздарды жыл соңында «Жас Ақмола» қорытынды іс-шарасында марапаттайтын боламыз» – деп облыстық ЖРО басшысының міндетін атқарушы – Асия Закенай тоқталып кетті.

Шара, «Энергетика саласындағы инновациялар» (энергияның баламалы көздері, энергия тиімділігі және т. б.), «ІТ» саласы, сондай-ақ «Экология және табиғатты пайдалану саласындағы бастамалар» бағыттары бойынша іске асырылды.

Байқаудың комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі жобалар жүлделі орынға ие болды: Энергетика саласындағы инновациялар бағыты бойынша 3-орынды «Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыру арқылы қуаттау құрылғысы» атты жобасымен Н.Назарбаев атындағы интеллектуалды мектебінің оқушысы – Болат Назерке Амангелдіқызы иеленсе, 2-орынды «Универсальный модуль ветрогенератора» жобасымен Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің студенті – Торичный Александр Сергеевич иеленді. Ал бас жүлде «Дыбыс энергиясынан  электр энергиясын алу» жобасымен Н.Назарбаев атындағы интеллектуалды мектебінің оқушысы – Аманбай Айшаға бұйырды. «ІТ» саласы бағытында 3-орынға «Qaz Kids» жобасымен Көкшетау қаласының гуманитралық техникалық академиясының студенттері – Самцов Никита Александрович пен Романов Вадим Николаевич ие болды. 2-орынды «Система предупреждения аварийных ситуаций на дорогах в условиях плохой видимости» жобасымен Н.Назарбаев атындағы интеллектуалды мектебінің оқушылары – Ескен Қайрат және Жакупов Даниэль алды. Аталған бағыт бойынша «Цифровое кладбище» жобасымен «Bolashaq Saraiy» мекемесінің оқушысы – Досым Бауржан Жарықұлы жеңіске жетті. Соңғы «Экология және табиғатты пайдалану саласындағы бастамалар» бағытының қорытындысы бойынша 3-орынды «Demonde dе flora» Институт аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасымен Ш. Уәлиханов атындағы универститеттің студенттері – Әмірбекова Гүлім Мақсатқызы, Тәуекелова Гүлжанат Жылқыбайқызы, Шаймерден Альмира Жеңісқызы, Тасжан Дәмелі Темірболатқызы алса, 2-орынды «Leaf Craft» жобасымен «Bolashaq Saraiy» мекемесінің оқушысы – Жамбылов Санжар Саянұлы. Ақтық сында аталмыш бағыт бойынша жеңіске жеткен «Эффективность технологии объемного пожаротушения пожарным защитным стволом» жобасымен А. Мырзахметов атындағы университеттің студенттері – Денисов Сергей Сергеевич пен Гарбуз Глеб Георгиевич.

Кеш соңында Жастар-ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушысы Асия Ерболқызы байқауға қатысушылардың әрқайсысына алғысын білдіріп, сертификаттар табыстады. Ал төрешілер әділ төрешілік еткені үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img