spot_img
Сейсенбі, Қараша 5, 2024
-1.8 C
Kokshetau

Степногорск қаласында Ақмола облысы бойынша «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының бірінші легінің қатысушыларына сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы бойынша «Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасының бірінші ағымының 16 қатысушысы оқуды аяқтағаны туралы сертификат алды. Қаржылық сауаттылық пен сұранысқа ие кәсіптерге үйрететін жоба бойынша алдағы үш айда бизнесті дамыту бойынша тәлімгерлер жан-жақты қолдау көрсетеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның алғашқы легінің қатысушылары «SMM», «Сұлулық индустриясы», «Жартылай фабрикаттар» бағыттары бойынша курстарды аяқтаған. Ақпараттық кеңес сүйемелдеуінен бөлек, түлектерге шағын бизнесі үшін қажетті жабдықты сатып алуға 150 АЕК көлемінде грант ұсынылады.

«Өткен жылы Қор тарапынан қолдау тапқан пилоттық жоба белгілі бір деңгейде өз нәтижесін көрсетіп, биыл Ақмола өңірі ауқымында тиісті бастамаға демеушілік жасауға шешім қабылдадық. Әр отбасының қаржылық тұрақтылығы мен сауаттылығы, құзыреті – бүкіл елдің оң ахуалына септігін тигізетіні анық. Сәйкесінше халық арасында жұмыссыздық азайып, әркім өз кәсібін үйде отырып-ақ дөңгелетіп әкетіп кетсе дейміз. Баршаңызға бірлесе кіріскен қадамда табыс тілеймін!», – деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

«Бүгінгі сертификаттарды тапсыру оқуды аяқтап, өз ісін ашуға мүмкіндік алған отбасылар үшін ғана емес, қаламыздың экономикалық дамуы үшін де бұл шараның әлеуметтік маңызы зор. Біз Степногорск қаласының тұрғындары тәжірибелі тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан жан-жақты дайындықтан өтіп, өз ісін ашуға, сол арқылы отбасылық байлығын арттыруға нақты қолдау алғанына қуаныштымыз. «Табысты отбасы» жобасының әрбір қатысушысына оның ісінің гүлденуін, амандығы мен денсаулығын тілейміз «, – деп жоба түлектерін Степногорск қаласының әкімнің орынбасары, Гүлназ Абилова өз сөзінде құттықтады.

«Бүгін біздің облысымыз үшін және осы жобаның әрбір қатысушысы үшін өте маңызды. «Табысты Отбасы» жобасының 16 түлегі тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан білім мен дағдылар түрінде үлкен қолдау алды. Жоба түлектері оның тиімділігін қаржылық жетістіктерімен дәлелдейтініне сенімдімін»,- деді Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы, «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын пилоттық жоба ел арасында өз жұмысын былтыр бастады. Жоба аясында тәжірибелік және шеберлік сабақтары, сондай-ақ «Цифрлық дағдылар», «Азық-түлік өндірісі», «Сұлулық индустриясы» және «Ер азаматтарға арналған кәсіптер» сынды төрт бағыттың бірі бойынша мамандандырылған оқыту қарастырылған. Ақмола облысы бойынша барлығы 50 тұрғынды оқыту жоспарлануда. Қажетті тізім әкімдік арқылы қалыптастырылады. Жоба халықтың ең осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін, сондай-ақ жалғыз басты және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға арналған.

Айта кетейік, жобаның пилоттық нұсқасы 2022 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылып, Ұлытау, Абай, Жетісу, сондай-ақ Түркістан және Ақтөбе облыстарында сәтті жүзеге асырылды. Жобада барлығы 300 қазақстандық оқытылып, олар шағын бизнестерін дамыту үшін құрал-жабдықтар алды. Игерген білімдері мен дағдыларының арқасында қатысушылар кондитерлік және тігін цехтарын, сұлулық салондарын ашу арқылы кәсібін кеңейтті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Асыл мұра» халықаралық конкурста гран-при жеңді

"Би жеңісі: "Асыл мұра" Шымкенттен жеңіспен оралды!» Көкшетау қаласының теміржол вокзалының перронында "Асыл мұра" балалар би ұжымын қалалық мәдениет бөлімінің,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img