spot_img
Дүйсенбі, Қазан 19, 2026
9 C
Kokshetau

Ақмола облысының прокуратурасында Ашық есік күні өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Кәсіби мереке – Прокуратура күні қарсаңында Ақмола облыстық
прокуратурасында Ш.Уәлиханов және А. Мырзахметов атындағы
университеттердің соңғы курс студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді.
Студенттерді облыс прокуратурасының мұражайымен таныстырып,
оларға көрнекті прокурорлар, прокуратура органдарының қалыптасуы мен
дамуы туралы айтылды.
Болашақ заңгерлермен кездесуді прокуратура органдарының
басшылығы мен ардагерлері өткізді.
Ақмола облысы прокуратурасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. К.
Сұлтанов еңбек жолындағы қызықты сәттерімен және қызмет еткен кездегі
жұмыс естеліктерімен бөлісті.
Сондай-ақ студенттерге прокуратура органдарына қызметке түсу
тәртібі түсіндіріліп, бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық брошюралар
табысталды.
Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясының алғашқы түлегі Ф.Б.Дайыр өзінің жеке тәжірибесімен
бөлісіп, байқаудың ерекшеліктері, Академияда оқу және еңбек қызметі
туралы айтты.
Болашақ заңгерлер барлық сұрақтарға нақты және толық жауаптар
алды.
Ақмола облысының прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Гуманитарлық-техникалық академиясында «Заң мен тәртіп» нарративі аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Гуманитарлық-техникалық академиясында студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика