spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен әрбір 10-шы пайдаланылмаған су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы бекітілген 37 су қоймасы
мен кәсіпшілік учаскелерін мемлекетке қайтарды, олардың ауданы 10-нан 1900
гектарға дейін.
Осылайша, прокуратура жүргізген талдау арқылы бекітілген су қоймаларын
пайдалану кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, балық аулау ережелері жүйелі түрде бұзылды, балық
ресурстарын қорғау бойынша қорықшылық қызметтер болмады, балық аулау
жүргізілмеді, мелиорациялық және бітелуге қарсы іс-шаралар мүлдем назардан
тыс қалды.
Сондай-ақ, балық аулау лимиттері ихтиофаунаны міндетті биологиялық
тексерусіз бекітілді.
Қалыптасқан жағдайды түзету үшін облыс әкімдігі мен балық
инспекциясына прокурорлық қадағалау актілері жіберілді.
Сотқа дейінгі жұмыстар мен сот талқылауларының нәтижесінде
бұзушылықтарды жою туралы 73 хабарлама мен ұсынымдар берілді.
Бекітілген 397 су қоймасы мен кәсіпшілік учаскелерінің 37-сі мемлекетке
қайтарылды. Яғни, әрбір 10 су қоймасы өз мақсатына сай пайдаланылмаған.
Қазіргі уақытта адал емес пайдаланушылармен балық шаруашылығын
жүргізуге арналған шарттарды бұзу туралы 2 талап сотта қаралуда.
Балық шаруашылығы мемлекетіміздің биоәртүрлілігінің жаңартылатын
көзі ретінде маңызды, оның негізгі міндеті – ихтиофауна ресурстарын сақтау
және көбейту.

Ақмола облысының прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img