spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
17.4 C
Kokshetau

«Құқықтық көмек» жобасы

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Бастами азаматтарға жәрдемдесудің бірден бір құралы болып табылады.
Партияның қоғамдық қабылдауында заң кеңесші Жамиля Нұржанова, медиатор Талғат Бейсембаев, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Әсем Асаинова және Көкшетау қаласының жеке нотариусы Сәуле Бутембаева «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде азамататарды жеке мәселесімен қабылдады.
Қабылдауға келген қала тұрғындары баспана мәселесі мен кезекке тұру мәселесін көтеріп, жоғарыдағы көршінің пәтерді су басып қалуы мәселесі бойынша жүгінді.
Сондай ақ, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары балабақшаларда тегін тамақтану, ата-аналардың тегін жол жүруі, буллинг, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған демеушілік және қайырымдылық көмек алу мәселесі бойынша жүгінді.
Ауыл тұрғындары бейнебайланыс арқылы тікелей қосылып, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мәселен, Степняк қаласының тұрғыны үй беру туралы өтініш жасады. Аршалы ауданының тұрғыны құрылыс компаниясы ақшаны қайтармайды деп шағымданды.
Щучинск қаласының тұрғыны жер үлесінің мұрасын ресімдеу кезінде кеңес алды.
Щучинск қаласының тұрғыны ерекше қажеттіліктері бар балаға ипотека алуға бола ма деген сұрақпен жүгінді. Қосшы қаласының тұрғыны алимент төлеу және әке болуды қалпына келтіру мәселесі бойынша кеңес алды.
Қабылдау барысында барлық өтініштер бойынша заңнамасы шеңберінде түсініктеме берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика