spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында танысын атып өлтірген күдікті ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полицейлері танысын атып өлтірген күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Aqmola News Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел тергеу іс-шаралары мен полиция қызметкерлерінің келісілген іс-қимылдарының нәтижесінде Макинск қаласының 23 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев жеке өзі бақылап отырды.

Ер адам сағат 11:00-де Сандықтау ауданының ауылдарының бірінде ұсталды. Бұл елді мекенде оның туысы тұратыны анықталды. Сондай-ақ аудан аумағында өлтірілген азаматқа тиесілі ұрланған автокөлік пен қару табылды.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 21 қарашада болған. Сағат 01:30 шамасында Макинск қаласының 27 жастағы тұрғыны өзінің танысын атыс қаруынан өлтіргені алдын ала анықталған. Кейіннен күдікті Toyota Land Cruzer Prado 150 автокөлігін ұрлап, оқиға орнынан қашып кетті. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде полицейлер ұсталған адамды ауыр қылмыс жасауға итермелеген себептерді анықтап жатыр», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img