Бурабай ауданында Қазақстанның мерейтойлық 20 миллионыншы тұрғынын жақындары перзенханадан салтанатты түрде қарсы алды.
2023 жылғы 14 қарашада Бурабай ауданы Жасыл ауылының тұрғыны Ясина Исенова еліміздің тарихына өз есімін жазып, Қазақстанның бес мерейтойлық тұрғынының бірі болды. Сәбидің әкесі Айдар Исенов – энергетик, анасы-Динара Каренкина, мұғалім.
Бүгін нәрестенің перзентханадан салтанатты шығарылуы өтті, Ясинаның туыстары мен жақындары келді.
Аудан әкімі Арай Садықов пен аудандық мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова еліміздің мерейтойлық тұрғынының бақытты ата-анасын құттықтап, осы айтулы оқиғаға сыйлықтар табыс етті. Бурабай ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өтелбай Бейсенов сәбиге ақ батасын берді.
»Ясинаның дүниеге келуі маңызды демографиялық межені еңсерудің символы, біздің аудан тарихының бір бөлігі. Ясинаға денсаулық пен амандық тілейміз», – деді аудан әкімі.
»Қызымыздың дүниеге келуі мерейтойға айналады, бұл біз үшін тосын сый болды. Тарихи оқиғаның бір бөлігі болу өте қызықты. Мен мұны мақтан тұтамын. Біз өз кезегімізде ата – ана ретінде балалардың берекелі болашағы мен олардың еліміздің лайықты азаматтары болуына бар күшімізді саламыз», -деп өз сезімдерімен Ясинаның әкесі-Айдар Исенов қуана бөлісті.
Отбасыларға жан – жақты қолдау көрсетудің арқасында туу көрсеткіші артып келеді. Жыл басынан бері Бурабай ауданында 800 бала дүниеге келді. Балалы отбасыларды қолдау шараларының кешені мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, салық салу кезіндегі жеңілдіктер және басқа да әлеуметтік қорғау шараларын қамтиды.