spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында Азия және Параазияда ойындарының чемпиондар мен жүлдегерлер марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда XIX Жазғы Азия және IV Параазия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушылармен кездесу өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов спортшыларды наградаларымен және медальдарымен құттықтап, Мемлекет басшысы спорт пен спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

«Ақмола облысында, бүкіл елдегідей, жалпы халыққа қолжетімді түрлі спорт кешендері мен құрылыстары салынуда. Ағымдағы жыл өңір үшін жарқын және есте қаларлық сәттерге толы болды. Ханчжоуда өткен Азия және Параазия ойындарында ақмолалықтар жақсы нәтижелерге қол жеткізді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Іс-шара барысында өңір басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттарды тапсырды.

«Еліміздің туы әлемдік спорт аренасынан мүмкіндігінше жиі көтерілуі, ал Қазақстан мен біздің Ақмола облысы танымал болуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді Карина Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, ақмолалық спортшылар өткен жазғы халықаралық жарыстарда Республика құрамасының қоржынына лайықты үлес қосты. Карина Ибрагимова аймақтық бокс тарихында алғаш рет 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды. Аян Бейсембаев, Сауд Арабиясындағы Азия чемпионатында алтын және Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды. Давид Дегтярев IV Параазия ойындарының чемпионы атанды. Ирина Кузнецова Албанияда әйелдер күресінен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Андрей Тютин Тайландта өткен Азия чемпионатында садақ атудан чемпион атанды.

Іс-шара облыстың шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img