spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Балаларға арналған қауіпсіздік сабақтары

Сондай-ақ...оқыңыз

Азаматтарға облыстың су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау және тәртіп ережелерін түсіндіру Ақмола құтқарушыларының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Оқу орындарының балалары мен оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді.

Зеренді ауданының «Аружан» балабақшасының тәрбиеленушілеріне Ақмола облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» РММ Зеренді ауылының құтқару бөлімшесінің құтқарушылары жұқа мұздың жасырын қауіптілігі, суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету жөніндегі мінез-құлық ережелері мен іс-әрекеттері туралы айтып берді. Осындай жұмыс Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен ағымдағы жылдың қазан айында жүргізілді, ал «Арна» колледжі мен Азаматтық қорғау жоғары колледжі студенттерінің оқушылары үшін ЖҚЖ құтқару бөлімшелерінің қызметі мен авариялық-құтқару жабдықтарымен және техникамен жарақтандырылуы туралы таныстыру экскурсиялары мен әңгімелесулер өткізілді.

Құтқарушылар күнделікті негізде (әсіресе демалыс күндері, су айдындарында балықшылардың көп жиналуы орын алған кезде), «ӨСжәне АҚЖҚ» ММ және Департамент қызметкерлерімен бірлесіп ЖҚЖ бақылауындағы су айдындарында: Щучье қаласындағы – Щучье көлі, Зеренді ауылында – Зеренді көлі, Бурабай кентінде – Бурабай көлінде облыс орталығында және Көкшетау қаласында – Қопа көлінде профилактикалық рейдтер мен патрульдер жүргізілетінін атап өткен жөн. Профилактикалық іс-шаралар барысында халыққа және балықшыларға суда және жұқа мұзда жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде облыс су айдындарында төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер түсіндіріледі, жадынамалар мен брошюралар таратылады.

 

 

Ақмола облысының ТЖД

«Жедел-құтқару жасағы» РММ

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img