spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңір басшысы әлеуметтік сала және инфрақұрылым нысандарының қызметімен танысты.

Бірінші кезекте облыс әкімі С.Серіков атындағы жалпы білім беретін мектепке барды. 1942 жылы салынған ғимаратқа ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Инженерлік инфрақұрылым ауыстырылды, шатыры және терезе блоктары ауыстырылды. Алайда, мердігерлік ұйым «ГрадСтройСервис» ЖШС жұмыс кестесінен артта қалып құрылыс жүргізуде, осыған байланысты оқушылар қаланың басқа оқу орындарында сабақтарға қатысуға мәжбүр, тасымалдау ұйымдастырылған.

Жөндеу барысы облыс әкімі тарапынан қатаң сынға ұшырады. Марат Ахметжанов сапасын төмендетпей жұмысты барынша жеделдетуге тапсырма берді.

«Әлеуметтік сала объектілерін жөндеу кезінде екі есе жауапты болу керек. Барлық жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін аяқтау қажет. Жаңа жылдан кейін балалар өз сыныптарында отырсын. Желтоқсан айында жұмыстың барысы мен сапасын жеке тексеремін. Барлық мүдделі органдарға мектепті ерекше бақылауға алуды тапсырамын», – деді облыс әкімі.

Есіл қаласындағы емхана 1979 жылы салынған бейімделген ғимаратта орналасқан. Марат Мұратұлы дәрігерлерге жұмысы үшін алғысын білдіріп, емхананың жаңа ғимараты алдағы екі жылда салынатынына сендірді.

Сапар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына барумен жалғасты. Қазіргі уақытта абаттандыру, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, жабдықтар жеткізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін ДСК пайдалануға дайын болады.

Облыс әкімі 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді. Биыл облыстық бюджет қаражаты есебінен қазандықты ағымдағы жөндеу үшін материалдар сатып алынды, қазандықтарды ауыстыру және күрделі жөндеу жүргізілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img