spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau

Әлихан Бөкейхан Университетінде София Техникалық университетінің филиалы ашылуда

Сондай-ақ...оқыңыз
Әлихан Бөкейхан Университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Әлихан Бөкейхан Университеті негізінде София Техникалық Университетінің (Болгария Республикасы) филиалын ашу туралы келісімге қол қою салтанаты өтті, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

София Техникалық университеті – Болгарияның ең ірі оқу орындарының бірі, Еуроодақтағы үздік техникалық университеттер қатарына кіреді.

Виртуалды инженерия, энерготиімділік, жанданатын энергетика, экологиялық инжинирин, машина жасау дизайны, IT технологиялар салаларында мамандар даярлайтын іргелі университеттердің бірі. Қазіргі таңда Техникалық унвиерситететтің 11 факультетінде 20 мыңнан астам студент білім алады.

Университет Еуропалық жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету қауымдастығының мүшесі.

Университет филиалын ашу туралы келісімге қол қою Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Абай облысына жасаған іс-сапары барысында Семей қаласында еуропалық жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Филиалда Қазақстандағы жаңа мамандықтар атласы негізінде әзірленген «Жасанды интеллект инженериясы және блокчейн» бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылады. Білім алушыларды қабылдау келесі оқу жылынан басталады. Сонымен қатар магистратураның бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша да мамандар даярлау көзделіп отыр.

Келісімге қол қою Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен өтті. Қол қою рәсіміне Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Боян Хаджиев, Елшіліктің консулдық қызметінің басшысы Пламен Петков және Абай облысының қоғамдық келісім басқармасының басшысы Айдар Садырбаев қатысты.

Келісімге Alikhan Bokeikhan University президенті, профессор Шырын Кұрманбаева және София Техникалық Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, профессор Любомир Димитров қол қойды.

Іс-шараға өңірдің академиялық орта өкілдері, Alikhan Bokeikhan University басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img