spot_img
Сенбі, Шілде 5, 2025
16.2 C
Kokshetau

Көлік министрлігінде жақын арада қандай жол жобалары аяқталатыны айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Көлік министрі негізгі автожол жобаларының жуырда аяқталатынын хабарлады. Көлік министрінің айтуынша, биыл Астана – Алматы, Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Қандыағаш және Талдықорған – Өскемен автожолдарының бойында қозғалыс толық ашылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Өткен демалыс күндері Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының маңызды көлік инфрақұрылымы нысандарын аралады.

Марат Қарабаев елімізде бұрын-соңды реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген 856 шақырым жол пайдалануға берілетінін хабарлады. Оның айтуынша, биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен жалпы 11 мың шақырым қамтылған.

«Халық тарапынан бірнеше автожол жобасына қатысты алаңдаушылық туындап отыр. Олардың қатарында, Талдықорған-Өскемен, Астана-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары бар. Биыл аталған автожолдардың бойында қозғалыс толық ашылатынын атап өткіп келеді. Келесі жылы бұл жобалар толығымен аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі», – деді министрлік басшысы.

Сондай-ақ ол облыс тұрғындары жиі көтеретін «Орал-Каспий каналында» түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу туралы сұраққа жауап берді.

«Біз облыс орталығынан өтіп жатқан Орал өзенінің Каспийге құятын жерінде жұмыс жүргізуіміз керек. Тиісті бюджеттік өтінімді Премьер-Министр қолдады. Сондықтан біз тереңдету қажет жерлерді көруге келдік. Олардың жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Биыл және келер жылы аталған бассейнді сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар басталады», – деді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика