spot_img
Дүйсенбі, Наурыз 4, 2024
-7.5 C
Kokshetau

«Жастар болашағы» волейбол фестивалі Көкшетауда өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы күніне орайласытылып, «Көкшетау қаласының волейбол федерациясы» ҚБ, «Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Көкшетау қаласының мәдениет, дін, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ және «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ бірлесе ұйымдастыруымен «Жастар болашағы» атты ауқымды волейболдан фестиваль өткізді.

Фестивальдің мақсаты дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, салауатты өмір салтын насихатта, волейбол ойынын бұқаралық, олимпиадалық спорт түрі ретінде танымал ету, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, студент жастардың спорттық шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің, ЖОО оқытушыларының спорттық шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу болып табылады.

«Фестивальге ресми өтінім берген волейбол ережелерімен таныс барлық спорт ұйымдары, федерациялар мен клубтар қатыса алды.  Спорт ұйымының басшысы дәрігердің рұқсатымен қол қойған ресми өтінім белгіленген үлгідегі баспа түрінде ресімделінді. Ойын өте керемет әрі қызықты өтті деген ойдамын. Сондай-ақ, аталған ойынға қатысқан қонақтарымызға, қатысушыларымызға, БАҚ өкілдеріне және серіктестеріміз бен достарымызға волейбол спортын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғыс білдіремін » – деді ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Көкшетау қаласының волейбол федерациясы» ҚБ президент – Қалымова Әсел Қайратқызы.

«Бес күнге созылған аталмыш фестивальдың алғашқы күні баспасөз конференциясы және төрешілер семинарымен бастау алса, екінші күні жаттықтырушылар семинарымен жалғасын тапты. Тек шараның үшінші күнінен бастап ойын қарқыны басталды. Фестиваль, орта, жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен студент жастар арасындағы турнир және әуесқой командалар мен ардагерлер командалары арасында өткізілді. Айта кету керек, шараға Астана, Теміртау қаларынан келген және өңірлік командалар бақ сынасты. Жалпы 600-ге жуық спортшыларды қамтыған 57 команда қатысты. Әрбір команданың жеңіске жету мақсатында ұмтылыстары байқалып, бар күш-жігерлерін салып, ойын өте тартысты өтті» – дейді, облыстық ЖРО жастармен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы – Асия Закенай.

Фестиваль қорытындысы бойынша орта мектеп оқушылары арасында (ұлдар) 3-орын – Зеренді ауданы М. Ғабдуллин атындағы мектап гиназиясына бұйырса, 2-орынды – Бурабай ауданы «Айғанат» командасы иеленді. Ал, 1-орынды Целиноград ауданы, Родина ауылының орта мектебі жеңіп алды. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында (қыздар) өткен турнир қорытындысы бойынша 3-орынды – Зеренді а. №1 мектебі, 2-орынды – Көкшетау қаласының С. Жүнісов атындағы №18 мектебі, ал 1-орынды – Бурабай ауданы «Айғанат» командасы жеңіп алды. Орта білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында (ерлер) 3-орынды  – Көкшетау қ. «Арна» колледжі, 2-орынды – А.Мырзахметов атындағы университеті және 1-орынды – Шағалалы а. Жоғары агротехникалық колледжі жеңіп алды. Дәл осы турнирде тек қыздар арасында өткен ойында 3-орынды – Көкшетау қ. «Арна» колледжі, 2-орынды – Көкшетау қ. Жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжіне, ал 1-орын – Ш.Уәлиханов атындағы университетіне бұйырды. Әуесқой аралас командалар арасында өткізілген турнирде 3-орынды – Шағалалы а. Жоғары агротехникалық колледжі, 2-орынды – Астана қаласынан қатысқан «Халық банк» командасы иеленсе, 1-орынды – Атбасар қаласының құрама командасы жеңіп шықты. Ал соңғы ардагерлер арасындағы жарыста 3-орын – Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжінен келген командаға бұйырса, 2-орынды – Көкшетау құрама командасы қанжығасына салды. Жеңімпаз атағына Теміртау қаласынан келген құрама командасы ие болды.

Турнирдің жүлдегерлері мен чемпиондары тиісті дәрежелі дипломдар және медальдармен (1,2,3 орын) және жалпыкомандалық есеп кубоктарымен марапатталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img