spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Астрахан ауданы Первомайка ауылында «Достық дәмі» фестивалі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындығы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бастамасымен «Қазақтану» жобасы аясындағы «Достық дәмі» фестивалі Астрахан ауданының Первомайка ауылында өтті.

Бұл ауыл негізінен поляк этносының тұрғындары жинақы тұратындығымен ерекшеленеді.

Облыс орталығынан келген қонақтарды «Поляктар үйінің» жанында тұрғындар дәстүрлі шашумен қарсы алды . Содан кейін жергілікті  «Полония» этномәдени бірлестік төрайымы Руслана Снегурская келушілерді кітап көрмесімен және 30-шы жылдары жер аударылып келген поляктардың тұрмыстық заттарымен таныстырды.

Этномәдени бірлестіктің мүшелері «Бесікке салу» дәстүрлі қазақ салтын көрсетті. Қазақтар арасында бесік – сәбидің алтын ұясы дейді, ал «Бесікке салу» рәсімі – ең маңызды және құрметті болып саналады.

 

Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Ермек Нұғыманов поляк бірлестігінің мүшелеріне алғысын білдіре отырып, «Достық дәмі» фестивалінің мақсаты – жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру, қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының деңгейін арттыру, туған елге деген сүйіспеншілік пен қазақ тіліне деген құрмет екенін атап өтті. Ауыл тұрғындарын, әсіресе жастарды, қазақ тілін үйренуге ұмтылыстарын арттыруға шақырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img