spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Партиялықтар Жолдауды түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде ел Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауы жұртшылық арасында кеңінен талқылануда. Осы мақсатта Ақмола облыстық және қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері еңбек ұжымдарын аралап, Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіруде. Мәселен, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалинов Көкшетаудағы ірі кәсіпорын «Тыныс» АҚ қызметкерлерімен кездесу барысында  Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған тағы бір маңызды мәселе – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту қажеттілігіне тоқталды. «Бұл сала дамыған елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады»,- деді ол.

Көкшетаудағы «Тыныс» кәсіпорны авиация өнімдерін, өрт сөндіру құралдарын, әскери және азаматтық противогаздар мен медициналық қондырғылар шығарумен қатар 2013 жылдан бері  ҚР Қорғаныс министрлігіне бронды жилеттердің бірнеше түрін дайындап келеді. Зауытта танк шлемофондарын дайындау ретке келтірілген. Қорғаныс керек-жарақтарының жазғы және қысқы нұсқалары, бронды машиналардың экипаж мүшелерінің байланыс құралдары да осында жасалады. Су өтпейтін, иілгіш, матаға жатпайтын синтетикалық материалға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен мұнайгаз компаниялары тапсырыс беруде. «Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті»,-деп аяқтады. Сондықтан биылғы Жолдау тыныстықтар үшін мәнді де маңызды құжат болмақ»,- деп толықтырды.

Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Берген Маратұлының «Көкшетау минералды сулары» ұжымымен кездесуінде Жолдауда айтылған ұлттық экономиканы дамыту, отандық өнімді қолдау, ауылшаруашылығын өркендету, өңдеу өнеркәсібін жетілдіру туралы ұсыныстар елдің дамуы үшін аса маңызды екендігіне  тоқталды. «Сондай ақ, су реформасы, ауыл шаруашылығын дамыту, өнеркәсіпті қолдау, ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту мен «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» бағдарламаларының одан әрі жалғастыру қажеттілігі біздің өңір үшін қажет. Міне, Жолдаудың осы да басқа да маңызды бағыттарының жүйелі орындалуына бәріміз ат салысуға тиіспіз»,- деді Берген Беспалинов еңбек ұжымымен кездесу барысында.

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының еңбек ұжымдарымен кездесіп, Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img