spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Министрдің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерінде тасымалдау қағидаларындағы маңызды өзгерістер туралы айтылды, деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында әуе кемелерінің бортында электрондық құрылғылар мен электрондық темекілерді тасымалдауға қойылатын талаптарға елеулі өзгерістер енгізілді.
Мысалы, жаңа талаптар бойынша багажда литий немесе литий-ионды элементтері, сондай-ақ қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (планшеттер, сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.) тасымалдауға тыйым салынады.
Сондай-ақ, багажда электронды темекі мен вейп тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Осыған байланысты жолаушылардан көрсетілген заттарды қол жүгінде тасымалдауларын сұраймыз:
– ноутбуктер;
– ұялы телефондар;
– камералар;
– планшеттер;
– электронды темекі;
– литий-ионды батареялары бар барлық электронды құрылғылар;
– қосалқы батареялар мен қуат банктері.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img