spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Саяси-экономикалық реформалар – жаңа дәуірдің бастауы

Сондай-ақ...оқыңыз

Көпке белгілі, Қазақстанның әрбір тұрғыны экономикасы кемелденген, әлеуметтік жағдайы жоғары елде өмір сүргісі келеді. Бұл қай елдің азаматы болмасын, әркім армандайтын меже. Мемлекетті бұндай биіктікке жеткізетін – дұрыс саяси және экономикалық реформалар екені белгілі. Кейінгі жылдары елімізде қолға алынып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік өзгерістер осының айғағы десе болады.

Бүгінгі күні мемлекетімізде жасалып жатқан өзгерістерден халықтың үлкен үміт күтіп отырғаны ақиқат. Ал ел үмітін ақтау – ол мемлекет басшының алға қойған міндеті. Еліміз үлкен өзгерістердің алдында тұр. Көпке белгілі, Президентіміз ұзақ мерзімді жеті стартегиялық бағдарлама ұсынып отыр. Бұл бағдарламалардың басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мысалы, жаңа бағыттағы экономикалық саясаттан пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген қоғамды түгел қамтитын экономикалық прагматизм; Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік; Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары; Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту және жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі делінеді.

Әрине, үлкен жобалар үлкен күш-жігер мен ұзақ мерзімді талап етеді. Сондықтан бүгінде мемлекет басшысы алға қойып отырған мақсаттарға жету үшін әбірбір қазақстандық мемлекет алдындағы өзінің азаматтық парызын сезініп, өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын. Ол не деген сөз? Ол – әрбір қазақстандықтың ел болшағына деген берік сенімі; ол – еңбекке жарамды әрбір қазақстандықтың қоғам үшін еңбек етуі; ол – әрбір жасөспірімнің замануи білім алып, сол білімінің пайдасын еліне тигізуі; ол – жергілікті атқарушы ұйымдардың жеке кәсіпкерлікті қолдай білуі; ол – ұлтаралық татулықты сақтап, сол арқылы бейбіт тірлікті дамытып, насихаттау; ол – елдігіміздің іргесін бекіту үшін ұлттық құндылықтарымызды дәріптей, насихаттай білу.

Осы орайда, алысқа бармай-ақ, өз ауданымызда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтарды айтсақ та болады. Мысалы, бірнеше жылдар бойы асфальт төселмеген қалаішілік жолдар жөнделіп, асфальтталып жатыр. Бірталай уақыттан бері тасымалды су пайдаланып отырған ауалдарға ауыз суы тартылып, аулыдағы ағайын қарық болып жатыр. Кәсіпкерлеріміз және ауыл шаруашылығы құрылымдары мемлекет тарапынан жеңілдетілген субсидиялар алып, шаруаларын түзеп жатыр. Өсіп келе жатқан жастарымызға жан-жақты қамқорлық қарастырылып, олардың білім алып, жұмысқа орналасып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына жағдай жасалуда. Осының барлығы жаңа бастамалардың белгісі демегенде, не дейміз.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөз бар. Біздің бесігіміз – туған өлкеміз, туған қаламыз, еліміз. Осы аймақтың өсіп-өркендеуі өз қолымызда. Түйіндей айтсақ, барға ризашылық танытып, жоғымызды таба білуіміз керек. Бұл үшін ең әуелі, ауызбіршілік, ынтымақ, замануи көзқарас қажет.

 

Медеу Әбжіков,

Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img