spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
1.2 C
Kokshetau

Егіндікөл ауруханасының кадр бөлімінің басшысы 7 жыл бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

13 млн. теңгеден астам бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырғаны үшін, 03.07.2023 жылы Егіндікөл аудандық сотымен сол аудан ауруханасының Кадр бөлімінің басшысына 7 жыл бас бостандығынан айыру және өмір бойы лауазымды қызметтер атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарылды, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде, аурухананың бас дәрігері кадр бөлімінің басышысымен қылмыстық сөз байласып, 2020-2021 жылдар аралығында, кадрлық және қаржылық құжаттарды бұрмалап, инфекциялық стационарға 7 тұлғаны формалды орналастырып, заңсыз төленген ақшаны өз мүдделеріне пайдаланғанын тергеу барысында анықтады.

Жас балалары бар екендігін ескере отырып, сот үкімін орындау мерзімі кейінге шегерілді, ал қылмыс бастамашысы – бас дәрігерге қатысты қылмыстық іс, жеке өндірісте тергелуде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңға жуық тұрғын қатысқан ауқымды экоплоггинг өтті

Биыл Қосшы қаласы қала мәртебесін алғанына бес жыл толуын атап өтуде. Бұл шешім елді мекеннің дамуына серпін берген стратегиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика