spot_img
Жексенбі, Желтоқсан 3, 2023
-7.8 C
Kokshetau

Көкшетаудағы NIS оқушылары республикалық байқауда жүлделі орын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана IT университетінің базасында «Samsung Innovation Campus Hackathon» стартап жобалар байқауы өтті. Ғылым додасының қорытындысына сәйкес, Көкшетау және Тараз қалаларындағы NIS оқушылары жүлделі 2-орын иеленіп, 1.500.000 теңге жеңіс қорын қанжығалады.

Қазақстанның 300-ден астам оқушылары мен студенттері қатысқан хакатонға Көкшетаудағы NIS-тен Назерке Уйсэвханқызы, Шадияр Сегізбаева, Асылхан Қали, Тараздағы NIS-тен Аймер Қошмамбетов, Жангерей Бекболат, Әмірхан Айдархан бірігіп, «Balam» құрамасын жасақтады.


Зияткерлер байқаудың шарты бойынша, өз жобаларын ұсынып, «Balam» атты балаларға арналған бағдарламалауды үйрететін интерактивті, бірегей жинақты 24 сағаттың ішінде жасап шықты.

«Balam» балаларды кодтауға үйрету үшін қолжетімді әрі интерактивті құралдардың жоқтығы мәселесін шешеді. Ол балалардың проблемалық ойлау, сыни ойлау және алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытып, бағдарламалау негіздерін үйренуге мүмкіндік береді. Бұл жоба арқылы балалардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығы артады деп сенеміз», – дейді Көкшетаудағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Асылхан Қали.
Оқушылар хакатон нәтижесінде «Hardware» санатында 2-орынға тұрақтап, 1.500.000 теңге жүлде қорын иеленді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстандық мектептердің жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы 65%-ға жеткізілді

Қазақстандық мектептерде интернет сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жыл басында мектептердің 19% ғана талапқа сай болған болса, бүгінде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img