spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Жоғары медицина мектебінің алғашқы түлектеріне диплом табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті «Жоғарғы медицина мектебінің» алғашқы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Бүгінгі таңда 800-ге жуық студент жоғары медициналық мектепте білім алуда, олардың 160-тан астамы міне диплом алып, маман атанбақ. Шараға облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміреновна қатысып болашақ мамандарды құттықтады.

«Өз кезегінде біз жергілікті атқарушы орган ретінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алу үшін атаулы стипендиялар мен білім беру гранттарын бөле отырып қолдау көрсетеміз. Студенттер арасында грант иеленген 180 адам және 50 атаулы стипендия иегері медициналық мамандықтың қыр сырын осы білім ордасында меңгеруде. Алдағы уақытта болашақ дәрігерлердің үздік кадрларын даярлау бойынша біздің ортақ күш-жігеріміз облыс халқына пайда әкеледі деп сенемін. Осыған байланысты облыс әкімі бүгінгі түлектерді медициналық мамандық бойынша интернатурада оқытуды жалғастыру үшін 28 миллион теңге қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады»,- деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков жоғарғы медицина мектебінің алғашқы түлектерін құттықтап, оларға жауапкершілі мол салада табысты жеміс тіледі. Және білікті әрі жас мамандарға үлкен мүмкіндік пен перспективалардың барын тілге тиек етті. Өңірдің медициналық ахуалын жақсартып, халық денсаулығын сақтауда жұмыла қызмет етуге жас мамандарды шақырды.

Өңірге медициналық кадрларды ынталандыру және тарту мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Айталық, медицина мамандарына пәтер мен жатақхана беру, жалдау төлемдерін өтеу, дәрігерлердің балалары үшін балабақшаларда орын бөлу, олардың жұбайларын жұмысқа орналастыру және басқа да қолдау түрлері көрсетіледі. Өткен жылы жас мамандарға көтерме төлем аудандық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1,5 миллион теңгеге дейін және ауылдық жерлерде 2.5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Ал, биыл ауылдық жерге баратын мамандар үшін 5 миллион теңге көтерме қаражат төлеу туралы шешім қабылданды.

 

Камила Әбделманова

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img