spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
5.6 C
Kokshetau

Биыл Ақмола облысында 60 елді мекеннің ескі атауы қайтарылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл Ақмола облысында идеологиялық тұрғыдан ескірген 60 елді мекеннің атауын өзгерту жоспарланған. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Түркі жазбалары және ономастика» атты халықаралық конференциясында аймақ басшысының орынбасары Алтынай Әміренова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияға тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Сәбит Жәмбек, сондай-ақ онлайн режимде Өзбекстан Ғылым академиясы ұлттық археология орталығының профессоры Гайбулла Бабаяров қатысып, баяндама жасады.

Осы ретте аймақ басшысының орынбасары Алтынай Әміренова түбі бір түркі халықтары жазбалары күніне арналған шараның маңызына тоқтала келе, өңірде бірқатар елді мекен атауларын өзгерту бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатқанын атап өтті.

«Халқымызда «Жеріңнің аты – бабаңның хаты» деген даналық сөз бар, бұл сөздің де түп төркіні түркі жазбаларында жатқаны анық. Мәселен, Ақмола облысы аумағында кездесетін Қорғалжын, Ажы, Дамса, Домбыралы атаулары сөзімізге дәлел бола алады. Ақмола облысында ономастика саласында көптеген игілікті істер атқарылып жатыр. Қазіргі біздің негізгі міндетіміз – елді мекендердің тарихи атауын қайтару. Бұл бағытта Омбы архивінен табылған көне карталардағы елді мекен атаулары зерттеліп те жатыр. Атап айтсам, 2022 жылы облыстық ономастика комиссиясы 27 елді мекеннің ескі атауын қайтаруға келісім берді. Биыл идеологиялық тұрғыдан ескірген 60 елді мекеннің атауын өзгертуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жүргізіле береді», – деді Алтынай Әміренова.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысына қарасты екі ауылдық округтің атауы өзгеретінін жазған едік.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img