spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
7.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы!

Сондай-ақ...оқыңыз

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әскеріміздің офицерлері мен сарбаздарын, ардагерлері мен азаматтық қызметкерлерін – Отанына адал және лайықты қызмет етуді парыз санайтындардың барлығын біріктіре түседі.

Халқымыз қашанда өз елінің әскери антына адал, нағыз патриоттарын ерекше қастер тұтқан. «Қазақ әскерінің озық дәстүрлері туған жерін ерлікпен қорғаған ата-бабаларымыздың ерлігінің, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың теңдессіз ерліктерінің заңды жалғасы болып табылады». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөздерімен әрбір қазақстандық келіседі деп ойлаймын.

Біздің Қарулы Күштеріміз әрқашан қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бейбітшілікті, бірлікті, келісім мен тұрақтылықты, мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтаудың кепілі болып келеді. Қазіргі заманғы Қазақстан әскері жауынгерлік дайындықтың, жабдықталу мен ұтқырлықтың  жоғары деңгейіне жетіп, кез-келген сыртқы қауіпке қарсы мықты қалқанға айналды. Ал, әскерде қызмет ету әрбір қазақстандықтың аға ұрпақтың ерлік дәстүріне негізделген абыройлы борышы, адамгершілік және рухани шынығу мектебі деп бекер айтылмаған.

Ақмола жері батырлар мен ерлерге бай. Біздің даңқты жерлестеріміз Сағадат Нұрмағамбетов, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллиннің аңызға айналған аяулы есімдері баршаға мәлім. Олардың әрқайсысы кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге және баянды бағдар болып қалады. Бүгін осы игі дәстүрді жалғастырып, саналы ғұмырын әскери қызметке арнаған, сөйтіп, нық түрде еліміздің егемендігі мен қауіпсіздігі және ұлттық мүдде күзетінде тұрған әрбір жанға шын жүректен алғыс сезімімізді білдіргім келеді.

Құрметті жерлестер! Мамырдың осынау тамаша күні Сіздердің баршаңызға зор денсаулық, табыс пен амандық тілеймін! Қасиетті жерімізде әрқашан бейбітшілік пен келісім жалғасын таба берсін!

Ақмола облысының әкімі

Ермек Маржықпаев

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img