spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
5.6 C
Kokshetau

Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру- уақыт күттірмейтін мәселе

Сондай-ақ...оқыңыз

Партияның облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында өңіріміздегі мәдени нысандардың  құрылысы мен күрделі жөндеу барысы, тарихи  мәдени ескерткіштердің қазіргі жәй күйі сөз болды.

Ақмола облыстық мәдениет басқармасы басшысының бөлім жетекшісі Дина Бейсембаеваның мәліметінше  соңғы 3 жылда республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 4,8 млрд. теңге бөлініп 1 мәдениет нысаны салынып, 78 нысан жөнделген. Зеренді мен Астраханкадағы аудандық  мәдениет үйлері жөндеуден өткен. Өткен жылы ұзақ уақыт бойы пайдаланусыз тұрған  Ерейментау ауданындағы Новомарков және Зеренді ауданындағы Айдабол ауылдық клубтары, Баратай ауылында жеке тұрғын үйге жөндеу жүргізіліп ауылдық клуб ретінде пайдалануға берілген. Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық мәдениет үйінде күрделі жөндеу  және  Аршалы ауданының Тургенев ауылдық мәдениет үйінде күрделі жөндеу жүргізілген.

Биылғы жылы Щучинск қаласындағы аудандық мәдениет үйінің Аршалы кентінде және Жібек жолы ауылында демалыс орталығының құрылысы, Сандықтау ауданы Балкашино, Аршалы кентіндегі аудандық мәдениет үйі ғимаратының, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылда,Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылында, Бұланды ауданының Никольское және Вознесенка ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы басталмақ.

Өңірімізге белгілі ірі тұлғалаларға ескерткіштер орнатылып, бірқатар музейлерге реставрация жүргізілген. Ал, тарихи мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Жаслан Укеев аймақта жүріп жатқан археологиялық қазбалар мен тарихи кесенелердің жай күйін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері оқушылар арасында ескерткіштердің танымалдылығын арттыру, оқушыларды кітап оқуға баулы мәселесін көтеріп, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысының төмендігін алға тартты. «Оқушыларды кітап оқуғы баулу, тарихымызды білу, ұлттық сананы  қалыптастыру жолында мәдениет қызметкерлерінің үлесі ерен. Ал бүгінде кітапханашы, археолог, музей қызметкері сияқты мамандықтардың мәртбесін көтеру- алдымен олардың жалақысын көтеруден басталады. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру- уақыт күттірмейтін  мәселе !»,- деді қоғамдық кеңес мүшесі, белгілі актер, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының директоры Жарас Қалдаров. Мәселенің өзектілігімен келісткен қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстар қабылдап, тиісті мемлекеттік органдарға жолдады.

 

«AMANAT» партиясының

Ақмола облыстық филиалы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img