spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Көкшетауда жастармен кездесу өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде «Жастар – елдің болашағы» атты кездесу шарасын өткізді, деп хабарлайды Aqmolanews ақпараттық агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Ақмола облысы жастарының шығармашылық қызметі үшін жағдай жасау және облыстағы студент жастардың адамгершілік және мәдени әлеуетін сақтау және арттыру болып табылды.

Шараға спикер ретінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Кенжебаев Сабырхан, ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы – Есекеева Мансия, «Ұлттық волонтерлік желі» ҮЕҰ басшысының орынбасары – Досымбетов Айбек, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» КҚ атқарушы директоры – Аружан Бахитова, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер ардагерлері облыстық қоғамдық ұйымының Ақмола филиалының полковнигі – Ережепов Жанат шақыртылды. Сонымен қатар іс-шараға өңірлік Жастар ресурстық орталықтарының басшылары, мамандары, волонтерлік ұйымдардың басшылары мен мүшелері, жастар ұйымдары, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, белсенді студенттер қатысты.

«Ұлттық волонтерлік желі» ҮЕҰ басшысының орынбасары – Айбек Аяпбергенұлы өз сөзінде: «Қазақстанда тұратын волонтерлік ұйымдар ғана еріктілікпен айналыспайды. Себебі менің ойымша, елімізде тұратын 19 миллион тұрғынның барлығының жүрегінде кішкентай волонтер өмір сүреді. Қайырымдылық – қазақстандықтардың қанынада бар қасиет десек, қателеспеген болармын. Біз, тек жоспар бойынша тұрған шараларды өткізіп қоймай, сонымен бірге шамамыз келгенше жоспардан тыс ізгі іске ізімізді қалтыру міндет қылу керек сияқтымыз. Елімізде қаншама мұқтаж жандар бар, олардың әрқайсысына көмек көрсете алмасақ та, қаншамасының жүректеріндегі үміт шамын жандыруға болатынын ұмытпаған жөн. Солардың барлығын ынтымақтастығымыз бен бірлігіміздің арқасында іске асыратынымызға сенімдімін» – деп тоқталып кетті.

Әр спикер өзінің ойымен бөлісіп, жастармен сұхбаттасты. Қатысушыларлар сұрақтарын қойып, жастардың өзін-өзі дамытуы, адамгершілік, патриоттық сезімдерін оятуы және жастар саясатын дамытудың жолындағы жас буынның маңыздылығы мен рөлі, сондай-ақ қоғамдағы орны жөнінде тақырыптар қозғалды.

Одан әрі жастар үшін волонтерлік бағытта оқыту курсы басталды. Сонымен қатар, республикалық және өңірлік волонтерлік ұйымдардың көшбасшылары жетістіктерімен, ізгі істерімен бөлісті.

Кездесу соңында барлық қатысушыларға алғыс хат табысталып, кейін естелік суретке түсіру процессі іске асты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img