spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
10.5 C
Kokshetau

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар тегін шипажайларды өздері таңдайтын болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мүгедектігі бар адамдарға ем-дом қабылдауға тегін жолдама беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап. 

Елімізде 700 мыңнан астам көмекке мұқтаж адам тұрады. Бұдан былай мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекет белгілеп берген емес, өздері қалаған кез келген шипажайға бара алатын болды. Сонымен қатар, шілде айынан бастап мүмкіндігі шектелі жандарға берілетін жәрдемақы мөлшері де артпақ. Бұл туралы премьер министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәлімдеді.

“1 шілдеден бастап 700 мыңнан астам мемлекет көмегіне мұқтаж жанға берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5 пайызға артады. Қаңтар айында жәрдемақы мөлшері 8 пайызға артқан болса, тұтастай алғанда жәрдемақы мөлшері 22,5 пайызға көтеріледі”, – дейді Алтай Көлігінов.

Салалық министрліктің мәліметінше ерекше эжандарға қамқорлық көрсетіп жүрген отбасы мүшелерінің де жәрдемақысы өседі.

“Мүгедек адамдарға келетін болсақ, ересектерге де, балаларға да бала күтімімен, ересек адамның күтімімен айналысып отырған азаматтарға да жәрдемақы төленеді. Олардың да мөлшері арттырылатын болады. Ауыл азаматтары мүгедектігі барларды қалаға алып келуге мәжбүр ғой. Енді ауылдық жерлерде арнайы емдеу орталықтарын да ашуды жоспарлап отырмыз”, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Жеке көмекші статусы бойынша бірінші дәрежелі мүгедектігі бар азаматтарға қамқорлық көрсетіп жүрген бауырлары, туыстары енді ресми түрде жұмыс істейтін болады. Бұған дейін олар тек жәрдемақы алып келген. Министрліктің мәліметінше, ол үшін шамамен қазынадан әр адамға 99 мың теңге айналасында төленсе, бұдан былай мүгедек жанға қарайласып жүрген азамат әлеуметтік жағынан толықтай қорғалады.

Енді мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту құралдарының заманауи және күрделі түрлерін пайдалану мүмкіндігі туады. Ал ауылдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың реабилитациядан өтуі үшін қалаға келуі қажет болмайды.

Оған қоса, мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға шипажайларға да жолдама берілмек. Бұған дейін тек облыстық деңгейдегі шипажайларға барса, енді Республика бойынша қалаған шипажайға бару мүмкіндігі бар. Ол әлеуметтік портал арқылы шешіледі.

“Мүгедектігі бар тұлғаларға курорттық емдеу қарастырылған. Алайда ол барлығына беріле бермейді. Ол медициналық шектеулерге де байланысты”, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Киелі мекен» экологиялық акциясына 150-ден астам көкшетаулық қатысты

Бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптауды бастау маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осыған байланысты, Ақмола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img