spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ұлттық ұлан сапында құстарша сайрайтын сарбаз қызмет етіп жүр

Сондай-ақ...оқыңыз

6505 әскери бөлімінің 2 атқыштар батальонының 5 атқыштар ротасы 4 атқыштар взводының 3 бөлімшесінің аға сарбазы Нұрбол Әсен ерекше қабылетке ие. Ол иттің, қасқырдың, түрлі құстардың және басқа да жануарлардың дауысын дыбыстай алады. Бұл туралы толығырақ ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі баяндады.

Әсен Нұрбол Қытайда дүниеге келген. Оның бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік атажұртқа оралуына түрткі болған. Қазақстанға аңсары ауған азамат 2019 жылдың 24 шілдесінде Талдықорғанға жақын жердегі Қызылағаш ауылына келіп қоныстанған. Кейін Алматы облысына қарасты Ұзынағаш станса-ауылынан көшіп келген.

«Менің Ербол есімді ағам бар. Екеуіміз бір-бірімізге түрлі дыбыстарды қайталап, қызық көретінбіз. Содан үйреніп кеттім. Ол кездері 12 жаста едік. Кейін мұндай қарым-қабілетімді ермек емес, өнер деп қабылдадым.  Мұндай өнеріммен алғаш рет көпшіліктің алдына Қытайдағы мектепте, оқу бітіретін жылы шықтым. Қазақстанға келгеннен кейін әскери бөлімде өнер көрсеттім.  Әуелде айналамдағылар келеке еткісі келгендей күлісіп алатын. Уақыт өте келе барлығы аса қызығушылықпен тыңдай бастады.

Сонымен қатар мен күркіреме дауыспен сөйлеп, ән де сала аламын. Әсіресе, Абай атамыздың өлеңдерін күркіреме дауыспен орындаса өте сәтті шығады. Мұндай өнерді өзіме таныс бір ағама еліктеп жүріп үйрендім», – деді Нұрбол Әсен.

Сондай-ақ талантты сарбаз сурет салумен де айналысады.  Оған бұл өнер әкесінен дарыған.

«Әр жігіттің азаматтық борышы болады. Мен Отан алдындағы борышымды алтын қазық, атамекенде өтеп жүргеніме қуаныштымын. Ұлттық ұлан сапында сарбаз атану – мен үшін үлкен мәртебе. Сондықтан елім деп іздеп келген екенмін, сол елдің ертеңі үшін де өз үлесімді қосуға әзірмін», деді аға сарбаз.

Айта кетейік, Нұрбол Әсен әскери өмірге қадам басқанға дейін дейін Алматы қаласындағы дәрі-дәрмек шығаратын шетелдік компанияда қызмет еткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img