spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
-1.3 C
Kokshetau

Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының ұйымдастыру отырысы өтті, деп хабарлайды Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Комиссия құрамында – әлеуметтік саланың негізгі қызметін білетін депутаттар: көпсалалы облыстық аурухананың директоры Нұрлан Жаров, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» ЖҚ филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев, «Аналар Үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі Құралай Джумбекова, Қорғалжын мектеп-гимназиясының директоры Нұрлан Тәжин, халықаралық ғылыми-зерттеу техникалық орталығы директорының орынбасары Айдын Төребаев, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағы» ҚБ төрағасы Дуанбай Ыбырай және «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығының төрағасы Василий Шиманский. Комиссияны белгілі педагог Айнагүл Балташева басқарады. Отырыста депутаттардың жалпы шешімімен комиссия төрағасының орынбасары болып ең жас депутаттардың бірі Сұлтанбек Бекешев сайланды.

Комиссия мүшелері ұсыныстарды ескере отырып, 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекітті. Қарастырылатын өзекті мәселелердің қатарында: мамандарға және мұқтаж отбасыларға әлеуметтік тұрғын үй беру; «Ақмола жастары» бағдарламасын іске асыру; Қосшы қаласындағы жақында пайдалануға берілген емхананың мәселелері; мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына қаржыландыруды енгізу арқылы бұқаралық балалар спортын дамыту; Көкшетау қаласының ТКШ бөліміне жататын жатақханалардың жағдайы; ерекше қажеттіліктері бар адамдардың және балалар үйінің түлектерін жұмысқа орналасуын талдау және т.б.

Комиссия төрағасы А. Балташева атап өткендей, алдағы үлкен жұмыс депутаттардан бар күші мен мен жаңа идеяларды жұмылдыруды талап етеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика