spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
3.2 C
Kokshetau

Екі ел арасында Жоғары мемлекетаралық кеңес құрылады: Тоқаев пен Әлиев келіссөз аясында бірқатар құжаттарға қол қойды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанға келген Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, бірқата құжаттарға қол қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өз сөзінде Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Әзербайжан Президентінің бұл сапарының маңызы зор екенін айтып, келіссөз аясында қос мемлекеттің саяси тұғырнамасына тың серпін беретін Жоғары мемлекетаралық кеңес құрылатынын мәлімдеді.

«Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың айтарлықтай ілгерілеп келе жатқанына көңіл толатынын айтқым келеді. Бүгін атап өткеніміздей, тауар айналымы 40 пайызға артып, жарты миллиард долларға жетті. Бұл үлкен нәтиже деп ойлаймын. Экономикалық әлеуетіміз толық пайдалана отырып, бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізетінімізге сенімдімін. Бұл үшін бізде энергетика, көлік, логистика, IT, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және тағы басқа салаларда айтарлықтар резервтер бар.

Бүгін біз құрметті Әзірбайжан Президентімен бірге көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиев атындағы көшені ашамыз. Бұл игі шара әзербайжан халқының біртуар перзентінің жүз жылдығына орай өткізіліп отыр. Елдеріміздің шынайы достығы мен өзара қолдауының тағы бір айқын дәлелі – қазақ халқының Әзірбайжанға тартуы Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығы. Бұл нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатқаны жөнінде маған мәлімдеді. Осы маңызды нысанның іске қосылуын жуық арада көре аламыз деп ойлаймын. Біз гуманитарлық байланыстарды жан-жақты дамытып, ортақ рухани және мәдени құндылықтарды байытуға ниеттіміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал Ильхам Әлиев Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін жеткізіп, елдер арасындағы ынтымақтастыққа тоқталды

“Біздің қарым-қатынасымыз нығайып келеді. Халықтарымыздың арасындағы байланыстың тарихы терең әрі біз әрдайым бір-бірімізге бауыр ретінде қараймыз. Бүгін осы берік іргетастың негізінде келешегімізді бірге құрып жатырмыз. Біз бұған дейін талқылаған ынтымақтастықтың барлық саласының әлеуеті мол. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың айрықша маңызды екенін айта кеткім келеді. Қазақстанның Әзірбайжандағы, сондай-ақ Әзірбайжанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ұйымдастырылуы елдерімізді одан әрі жақындата түсіп, халықтарымыздың терең тарихы мен бай мәдениетін паш етеді. Біздің ойымызша, мемлекетаралық қарым-қатынасымыздың негізі – осы гуманитарлық сала”, – деді Әлиев.

Тоқаев пен Әлиевтің арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:

  • Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Баку халықаралық мультимәдениеттілік орталығы арасындағы Ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Достар» мәдениет сарайы өнерпаздарының жазғы концерттерінің маусымы ашылды

Қолайлы ауа райында қалалық саябақтың кіреберісіндегі балюстрада қаланың концерт алаңына айналады. Жазда көкшетаулықтар таза ауамен тыныстап, аптап ыстықтан салқындау үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img