spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында жас тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық зерттеу жұмыстары байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы 2023 жылғы 05-07 сәуір аралығында Зеренді ауданы Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі базасында жас тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық зерттеу жұмыстары байқауын өткізді,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Іс-шара патриотизмді қалыптастыруға, оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдетуге бағытталған.

Байқауға 15 аудандарының жалпы білім беретін ұйымдарынан және Көкшетау қаласының Абай атындағы № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан 43 оқушы қатысты.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалағандар: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжінің» тарих оқытушылары Жақанов Бахытжан Өмірзақұлы және Ғабдуллин Бақтияр Мұратұлы; Коскулакова Бақыт Кеңесқызы – Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының директордың орынбасары; Белицкая Елена Викторовна – Көкшетау қаласы Чайкино кентіндегі №15 негізгі жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Мәдени мұра» номинациясы:
1 орын – Хатшыбай Айтуар, Ерейментау ауданы Новомарковка ауылы;
2 орын – Басжанова Ақмерей, Зеренді ауданы Қоңысбай ауылы;
3 орын – Багрецевич Тимур, Біржан сал ауданы Бірсуат ауылы;
Грамота – Тасболат Мадина, №3 ДБОММИ;
Грамота – Серік Таннұр, Жарқайың ауданы Тассуат ауылы.

«Әскери тарих. Іздеу» номинациясы:
1 орын – Шулик Раиса, Есіл ауданы С.Серіков ат. НМ;
2 орын – Кусаинова Айдана, Сандықтау ауданы Ұлан ауылы;
3 орын – Деревянко Мария, Аршалы ауданы Турген ауылы;
Грамота – Минтенко Милена, Атбасарский район, с.Новосельское;
Грамота – Богданов Вадим, Егіндікөл ауданы Егіндікөл а. №2 НМ.

«Туған өлке шежіресі» номинациясы:
1 орын – Боранбай Аяжан, Целиноград ауданы Қоянды ауылы;
2 орын – Рамазан Ернар, Астрахан ауданы Петровка ауылы;
3 орын – Серік Амина, Бурабай ауданы Зелёный бор ауылы;
Грамота – Ержанов Ельнар, Жарқайың ауданы Отрадное ауылы;
Грамота – Хлопяникова Алина, Жақсы ауданы Алғабас ауылы.

Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
Құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img