spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында ауылды су басқан: Тұрғындар мәйітті қайықпен тасыды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Сарқырама өзені тасып, Арбузинка ауылының жолын шайып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сыртқа шыға алмай қалған 200-дей тұрғын о дүниелік болған жерлестерін ақтық сапарға қайықпен аттандыруға мәжбүр болды.

Мәйітті арғы бетте қалған зиратқа жеткізу үшін ескекті қайыққа салып жібергенімен, көпшілігі сыртта жанын шүберекке түйіп тұр. Өйткені қалт-құлт еткен ескі қайық қырық жамау. Сарқырама өзені жанай өтетін Арбузинка ауылының тұрғындары  жыл сайын көктемде көретін күніміз осы деп отыр. Бір аптадан бері 30 оқушы да көрші ауылдағы мектепке жете алмаған. Мұнда медицина пункті де жоқ. Сандықтау ауданының шенділері қолдан келер қайран жоқ, 200 метрге жететін көпір салуға кемінде 1 жарым миллиард теңге қажет дейді. Сондықтан, күн жылынып, су ағып кеткенін күткеннен басқа амал жоқ.

“Арбузинка ауылы биік жерде тұрғандықтан, үйлерге су кірген жоқ. Сарқырама өзеніндегі мұз еріген кезде жылда осындай жағдай орын алады. Тұрғындар азықтүлікпен қамтамасыз етілген. Қазір су деңгейі ақырын төмендеп келеді. Соңғы тәулікте ағын су 20 сантиметрге түсті. Қажет жағдайда қайықпен тасымалдаймыз”, – деді Сандықтау ауданы ТЖБ бастығы Әсет Жанғожин.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img