spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
12.2 C
Kokshetau

Қазақстанда кімдерге паспорт тегін беріледі?

Сондай-ақ...оқыңыз

«Азаматтарға арналған үкімет» МК бірқатар санаттағы азаматтардың паспортты тегін рәсімдей алатынын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты болуы қажет. Ал бұл құжат ХҚО-да 12 жасқа толмаған балалар үшін әр 5 жыл сайын рәсімделеді.

Ал бала өскен сайын бет әлпеті де өзгеруі мүмкін. Сондықтан шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.

Сонымен балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:

  • Туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
  • ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
  • баланың фотосуреті (оны ХҚО-да жасауға болады);
  • баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).

Одан бөлек, паспортты «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img