spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Көкшетаудағы кәсіпорындарға 184 млн теңге айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорындарға 184 миллион теңге айыппұл салынды. Экологтар берген мәліметке сүйенсек, өңір тұрғындарының кейбір елді мекендердегі табиғаттың жай-күйіне қатысты өтініштері мен шағымдарынан кейін 40 тексеру жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Аqmolanews.kz.

Қорытынды бойынша мамандар 25 өнеркәсіптік және өндірістік объектілердің атмосфераға зиянды шығарындылар нормаларынан асып кеткенін және қалдықтарды кәдеге жарату ережелерін бұзғанын анықтады. Сонымен қатар, инспекторлар басқа экологиялық бұзушылықтарды жою туралы 37 бұйрық шығарды.

«Жобалық-сметалық құжаттаманың сәйкес келмеуі бойынша көптеген бұзушылықтар бар. Яғни, жоба бойынша шығарындылар көп болған. Бұл олқылықтарды жою қажет.  Ол үшін біз зертханада сынақтар жүргіземіз. Егер кәсіпорында атмосфераға зиянды шығарындылар белгіленген нормадан көп болса, онда біз айыппұл саламыз. Содан кейін аталған кәсіпорынды бақылауда ұстаймыз», – деді облыстық экология департаментінің басшысы Қадірхан Бейсенбаев

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img