spot_img
Жұма, Сәуір 24, 2026
13.2 C
Kokshetau

Сенат төрағасы сайлауда дауыс берді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат спикері Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2744 дауыс беруші тіркелген.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды.

Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген.

Бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов дауыс берген еді.

Одан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында екі елдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика