spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
11.5 C
Kokshetau

Болашақта сайлау жәшіктері бюллетендерді автоматты есептейтін техонологиямен жабдықталады —Бағдат Мусин

Сондай-ақ...оқыңыз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келешекте дауыс беру жүйесіне 2 жаңашылдық енгізу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша мұндай тәсіл сайлау процесіне жалған бюллетендердің қосылуын болдырмайды.

«Біз Орталық сайлау комиссиясымен бірге екі мәселені талқылап жатырмыз. Мысалы, дауыс берушіні сайлау округіне бекіту және тіркеуден шығару мәселесі бар. Бір облыстан екінші облысқа барып дауыс беретін болса, тұрғылықты округте тіркеуден шығуы керек. Келешекте осыны онлайн түрде жасауға болады», – деді ол депутаттар сайлауында дауыс беріп болғаннан кейін.

Сондай-ақ Бағдат Мусин сайлау жәшіктерін жаңа технологиямен жабдықтау мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.

«Жәшікке бюллетеньді салған кезде қанша бюллетень түскенін автоматты түрде көрсетіп тұрса деген ойымыз бар. Яғни, мұндай технология салған бюллетініңіздің ешқандай қолдан жасалған құжат емес екенін, заңды құжат екенін растайды. Сайлау жәшігі қазіргідей болады. Бірақ кішкентай компьютерлері болады. Осындай ұсыныс бар. Қазіргі таңда бұл бірнеше елде жүзеге асырылған. Келешекте Орталық сайлау комиссиясымен талқылау жалғасады. Қазір бюллетеньдерді бақылаушылар санаса, енді бақылаудың тағы бір механизмі пайда болады. Ол жалған бюллетеньдердің қосылып кетпеуіне септігін тигізеді», – деді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img