spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
0.6 C
Kokshetau

Құрманғазы туралы мультфильм жарық көрмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл шілде айында дәулескер күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлы туралы мультфильм жарық көрмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Аталған туындыны дайындап жатқан мамандар арасында қазіргі таңда жастарға аниме стиліндегі суреттерімен танымал Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенті Аружан Ұнарбекова да бар. Осы орайда, ҚазАқпарат тілшісі суретші қызбен әңгімелесіп, алдағы уақытта жарық көретін тың туынды туралы сұрап көрген еді.

Аружан Ұнарбекова Еуразия ұлттық университетіндегі сәулет-құрылыс факультетінің 5 курсында оқиды. Ол оқудан бос уақытында түрлі кейіпкерлердің суретін аниме стилінде салумен айналысады. Оның ел Президентінің бейнесін аталған стильде салуы, сондай-ақ қазақ халқының көрнекті тарихи тұлғаларын суреттеген жұмыстары жастар арасында аса танымал. Бүгінде ол сурет салумен қатар, мультфильм жасау ісіне де ден қойған.

Қазір «Тасқын» анимациалыққ студиясында жұмыс істеймін. Біздің жобамызды мультсериал деп атаса да болады. Жалпы, мультсериалымыз қазақ халқының атақты күйшілері, олардың өмірбаяны және шығармашылық жолы туралы баяндайды. Әр маусымда жаңа күйшілер туралы айтылады. Туындының негізгі ерекшеліктері – эпизодтың ішіндегі көрсетілетін шағын әнгімелердің барлығы шынайы күйлердің тарихына негізделген, – деді Аружан.

Құрманғазы туралы мультфильм 13 сериядан тұрады. Аружан Ұнарбекованың сөзінше, туындыдағы басты кейіпкердің образы бірнеше айға созылған іріктеуден кейін таңдалған.

Мультфильмдегі кейіпкерлердің қозғалыс анимациясы аса қиын болмағандықтан, біз олардың суретін детальді көрсетіп, реализим тәсілін қолданып жатырмыз. Құрманғазының туындыдағы образы бірнеше ай бойы таңдалды. Басты кейіпкерлерді жасаған суретшілер Құрманғазының референстерін жинап, үлгілердің ішінен ең қолайлысын таңдап алды. Эпизодтардың ұзақтығы әртүрлі. Мәселен, бір эпизод 20 минуттан асса, сонғылары 15-10 минутпен шектеледі. 2023 жылдың шілдесіне дейін мультфильмнің бірінші маусымы бойынша жұмыстар аяқталып, көрерменге жол тартады, – деп тоқталды жас суретші.

Сонымен қоса, Аружан Ұнарбекова өзге де жобалар бойынша жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

Көптеген қызықты жобаларды шығару жоспарлануда. Қысқаметражды фильмдер мен «Дала Шарқауы» мультсериалының екінші сезонынан басқа, толықметражды көркемфильмдердің сюжеттері дайындалуда, – деп жоспарларымен бөлісті ол.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img