spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
8.2 C
Kokshetau

Облыстық «Атам мен әжем» фестиваль-байқауының жүлдегерлері марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы ұйымдастырған байқау ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасы ынтымақтастығын нығайту, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді қастерлеуге, үлкенді құрметтеп, сыйлауға, ата-дәстүрімізді сақтауға, әжелер мен аталар ісін үлкенге өнеге, кішіге үлгі етуге бағытталған.

Байқау екі кезеңмен өткізілді.

Бірінші іріктеу туры онлайн форматта өтті. Қатысушылар өтінім мен бейнеролик жіберді. Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы жіберілген бейнематериалдарды мұқият қараған қазылар алқасын құрды. Жалпы, бірінші турға 13 қатысушы өтінім беріп, оның ішінде екінші іріктеу турына және қорытынды концертке 10 қатысушы өтті.

Екінші іріктеу туры 2023 жылдың 16 наурызда «Достар» мәдениет сарайының сахнасында өтті.

«Атам мен әжем» облыстық фестиваль – байқауының қазылар алқасының шешімімен: Егіндікөл ауданынан келген Мәжкенов Жұмажан атамыз бен Салина Қалипа Жұмағатқызы әжеміз арнайы жүлдемен 70 000 теңге сертификатты иеленді.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен 30 000 мың тенге ақшалай сертификаттар табыс етілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img