spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
4.1 C
Kokshetau

Дүниежүзілік ҮЕҰ күні аясында ақмолалық азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақмола облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығы» ЗТБ-ы, Ақмола облысының үкіметтік емес секторы мен мемлекеттік органдары өкілдерінің кездесуі өткізілді, деп хабарлайды Aqmolanews.

Кездесуге Көкшетау, Атбасар, Степногорск қалалары, Ақкөл, Атбасар, Целиноград аудандары, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы мен Көкшетау қаласы әкімдігінің қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ішкі саясат басқармасының басшысы А.Алин аталған іс-шарада сөз сөйлей отырып, Дүниежүзілік ҮЕҰ күнімен құттықтады. Сонымен қатар өңірдің үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен маңыздылығын атап өтті.

Кездесу еркін түрде өткізіліп, кездесу барысында қатысушылар пікір алмасты.

Азаматтық секторды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің алғыс хаттарымен «Эко-Көкше» экологиялық орталығы» ҚБ басшысы Әбілжан Хусаинов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің – «Көкшетау Арнайы олимпиадасы» ҚБ басшысы Д.Е.Шәріпов марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар ҮЕҰ-ы Қазақстан Республикасы Азаматтық Альянсының, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының және Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img