spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
17.2 C
Kokshetau

Облыстық байқауда Қожа Ахмет Яссауи Хикметінің үздік оқырманын таңдады

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылғы 1 наурызда «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану-2023» республикалық байқауының облыстық кезеңі онлайн түрде өткізілді, деп хабарлайды Aqmolanews.

Іс-шара Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Яссауи хикметін дәріптеуге, өскелең ұрпақты ұлы ата-баба мұрасын тереңірек зерттеуге және игеруге ынталандыруға бағытталған.

Байқауға Целиноград ауданы мен Көкшетау, Қосшы қалалары және Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан барлығы 16 оқушы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды. Екінші кезең бойынша қатысушылар жасырын ұяшықтарды таңдау арқылы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Байқау соңында жүлдегерлер анықталды:
І орын.– Қайырбек Дарина Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
II орын – Толеубаева Ажар Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
II орын – Аманбек Гулайым Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
ІІІ орын– Саттібекова Жаннур Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Ержан Ақтоты Қосшы қаласы, Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Тельман Ұлжан және Үсен Қазына – мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады. Елімізде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img