spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 10, 2024
12.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Корей жаңа жылы – Соллал тойланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы төңірегінде  бір жарым мың корей ұлтының өкілі тұрады. Олардың барлығы Қазақстанда туып-өскен азаматтар. Дені аралас некеде тұрады. Біздің корей диаспорасының рухы отансүйгіш келеді, сондықтан олар өздерін қазақстандықтар ретінде санайды. Десе де, олар өздерінің тарихи отандарын ұмытпайды, тілдерін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға тырысады.

Бұған оларға облыстық Достық үйінде жұмыс істейтін «Чинсон» корей этномәдени орталығы көмектеседі. Этномәдени бірлестіктің дамуына, жаңа серпін беруіне, оның жұмысын жандандыруға жақында белсенді жаңа төрайым Лян Ольга Мироновна келді.

Көкшетаулық корейлер ұлттарына тән Жаңа жыл-Соллалды бірге тойлау үшін шақыртулар алып, жайлы кафеге жиналды. Көптеген әйелдер ұлттық киіммен келді. Кеште корей музыкасы, әндер және жас қыздардың орындауында билер орындалды. Қатысушылар бір-бірін мерекемен құттықтап, құрмет белгісі ретінде шағын сыйлықтар сыйлады.

Кеш қызықты конкурстар және ойындардың ұйымдастырылуымен көңілді өтті. Адамдар мұндай мерекелерді көптен бері сағынған. Сондықтан ЭКО басшысы Ольга Лянның атына корей этносының мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға бағытталған іс-шараларды жиі өткізу жөніндетілектер мен алғыс сөздер айтылды. Ал үлкендер барлық жастарды «Чинсон»этномәдени орталығының қызметіне белсенді қатысуға шақырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық тарихшы Айнұр Шукеева ғылымға 20 жыл өмірін арнады

PhD доктор, үздіксіз білім беру институтының басшысы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің тарих, география және әлеуметтік - гуманитарлық пәндер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img