spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
8.4 C
Kokshetau

Ақмола облысының Антикор басшысы студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллаларды түсіндірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов Құқық Онкүндігі аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне дәріс берді.

Дәріс барысында Департамент басшысы жастарға сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды аспектілері туралы баяндады.

Спикер атап өткендей, елімізде алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында заңнамалық шаралар қабылдануда. Соңғы бірнеше жылда заңнамалық реформалардың 3 пакеті қабылданған болатын.

Олардың шеңберінде бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың отставкасы және дербес жауапкершілігі туралы нормалар енгізілді, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі белгіленді, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің тізбесі кеңейтілді, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігі алынып тасталды және де тағы басқа.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістердің тағы бір пакетіне қол қойды. Өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауды енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды қорғауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын жетілдіру көзделген.

«Мемлекеттің одан әрі өркендеуі мен табысты дамуы көбінесе жас ұрпақтың қазіргі белсенді қоғамдық ұстанымына байланысты болады. Осы тұрғыда сауатты болу өте маңызды, ал құқықтық сауатты болу тек маңызды емес, бұл уақыт талабы. Шетте қалмауға, қоғамның құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналарын қалыптастыруға белсенді түрде қатысуға шақырамын», – деп айтты Арман Рахимов.

Соңында спикер студент жастардың сұрақтарына жауап берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img