spot_img
Жұма, Шілде 11, 2025
19 C
Kokshetau

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі республикалық тексеру жүргізеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 2023 жылғы 1 наурызда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған.

Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы болып табылады.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет мақсатында нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.
Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.

Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика