spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
13.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «ОТЕЛЛО» трагедиясының премьерасы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық – драма театрында әлемдік классика У.Шекспирдің «ОТЕЛЛО» трагедиясының премьерасы өтті. Қойылымның қоюшы режиссері, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қуандық Қасымов. Оның айтуынша бұл қойылымды халық назарына ұсынбас бұрын үлкен дайындық пен кәіби шеберлік қажет болды.

Расымен де, қойлымды театр сүйер қауым бір деммен қарап шықты. Премьера театр актерлерінің таланты мен кәсіби біліктіліктерінің арқасында керемет деңгейде өтті. Қойылымның премьерасына қаланың және облыстың қоғам қайраткерлері, БАҚ қызметкерлері, Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары келіп, оң баға беріп қайтты


Әлемдік классик, ұлы драматург Уильям Шекспирдің шығармалары қанша ғасыр өтсе де өзектілігін жойған емес. Бұл қойылым ержүрек Отеллоның айналасында жүріп пенделіктің пердесіне тұмшаланып, пұшайман күй кешкен тағдырлар шиеленісін көрсетті. Сюжет желісіне мұқият зер салса, сол заманның оспадар тұсын түсініп, түрлі сезімдерді бастан кешеріңіз анық…

«Аталмыш шараның мақсаты, театр өнерін дәріптеу, көрерменге рухани нәр беру. Аты аңызға айналған ұлы шығармаларды жаңа қырынан таныту. Адамзатқа ортақ құндылықтардың бағасын арттыру»,- дейді облыстық мәдениет басқармасы.
Премьера тамашалауға келгендер қарасы көп болды. Барлығы қойылымнан ерекше шабыт алып, жігерленіп қайтты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады. Елімізде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img