spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 1, 2026
9.2 C
Kokshetau

Қазақстандықтар қоқысты дұрыс тастамағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандықтар қоқыс тастағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, – деп хабарлайды Aqmolanews.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Қазақстан Конституциясының 24-бабына сәйкес мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана жол беріледі.

«Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама ҚР Қылмыстық Кодексінің 43-бабы шеңберінде қоғамдық жұмыстарды қолдануды көздейді. Конституцияның 24-бабы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мәжбүрлі еңбекке тартуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, енді әкімшілік істер шеңберінде қоғамдық жұмыстарды да қолдану қажет», – делінген жарияланған құжатта.

Құжатта егер адам ұсақ бұзақылық жасаса, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болатыны айтылған.

Фото: Tengrinews.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика