spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.7 C
Kokshetau

Ақмола облысының мектептері қаншалықты қауіпсіз

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс аумағында 832 білім беру нысаны, яғни 542 мектеп, 258 балабақша, 32 техникалық және кәсіби білім беру мекемесі бар және олардың барлығы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бұл жайында бүгінгі брифингте Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов мәлім етті. Спикердің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта оларды қосымша бейнебақылау камераларымен жабдықтау жүргізілуде.

«Ақмола облысының білім басқармасы білім беру мекемелерімен бірлесе отырып білім алушылар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмысты жүргізіп келеді» – дейді ведомство өкілі.

Валерий гамазовтың айтуынша, облыс аумағында 152 мектеп, 60 балабақша және 15 техникалық және кәсіби білім беру мекемесі арнайы күзет мамандарымен күзетіледі, 329 мектеп, 79 балабақша, 23 техникалық және кәсіби білім беру мекемесінде дабыл түймесі бар, 241 мектеп, 6 балабақша, 25 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінде турникет орнатылған.

Бирифинг барысында журналист тарапынан қойылған: «Неліктен облыстағы барлық білім беру мекемелері турникет, дабыл түймесі және арнайы күзетпен толық қамтамасыз етілмеген?»-, деген сұраққа спикер: Арнайы әзірленген нұсқаулыққа сәйкес білім беру нысандары 3 топқа бөлінеді, деп жауап берді.

1 топ. Қызметкерлері мен білім алушыларының саны 300 адамнан аспайтын білім беру нысандары. Бұндай нысандар бейнебақылау камераларымен және хабарлау жүйесімен жабдықталуы тиіс.

2 топ. Аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан, қызметкерлері мен білім алушыларының саны 300 бен 700 адам аралығындағы білім беру нысандары. Нұсқаулыққа сәйкес бұндай нысандар бейнебақылау камераларымен, хабарлау жүйесімен және дабыл түймесімен жабдықталады.

3 топ. Адам саны 700-ден асатын немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан білім беру нысандары жоғарыда аталған қауіпсіздік шаралардан бөлек турникеттермен де қамтамасыз етіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img