spot_img
Жұма, Мамыр 10, 2024
12.2 C
Kokshetau

Биыл ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі – Үкімет

Сондай-ақ...оқыңыз

Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық несие беру үшін қанша қаражат бөлінетінін айтты деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2022 жылғы қазанда Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен Ақтөбе және Жамбыл облыстарында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін ауыл халқына 2,5%-бен шағын кредит беру тетігін енгізу қолдау тапты”, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының сөзінше, қараша айының соңында Ақтөбе облысының әкімдігімен 3 млрд теңгеге және Жамбыл облысының әкімдігімен 6 млрд теңгеге үшжақты кредиттік шарттар жасалып, одан әрі кредиттеу үшін қаражат аударылылды.

“Биыл республикалық бюджетте ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтауды іске асыруға 11 606 микрокредит беру жоспарымен 52,4 млрд теңге, оның ішінде Жамбыл облысы үшін 3,6 мың микрокредит беру жоспарымен 11 млрд теңгеден астам қаражат көзделген», – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау аясында облыс әкімдіктері 2023 жылға 15 090 микрокредит беру үшін 73,8 млрд теңге сұраған. Оның ішінде Жамбыл облысының әкімдігі 4 мың микрокредит беру үшін 20 млрд теңге сома сұрап отыр.

«Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, қосымша қаржы бөлу мәселесі заңнамада белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралатын болады», – деп жазды Әлихан Смайылов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img