spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
7.3 C
Kokshetau

Қай өңірлерде су басу қаупі бар?

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл еліміздің 13 облысында көктемгі су тасқыны қауіпі жоғары болатын түрі бар. Соның салдарынан жер-жерде осыған байланысты тосын оқиғалар да орын алуы әбден мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин мәлімдеді.

«Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады. Батыс өңірлерде 1°С нормадан жоғары, ал, елдің солтүстік-шығыс, орталығында және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде 1°С нормадан төмен. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан төмен, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар, Абай облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу аумақтарында нормаға жуық болжанады», – деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

«Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары. Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары», – деді Ғалидолла Азидуллин.

Вице-министрдің айтуынша, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді.

 

https://t.me/resmi03

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img